Алшалыда медициналық тіректің іргетасы қаланды

316

Төле би ауданындағы тау жағалай қоныстанған ауылдардың әлеуметтік жағдайы біртіндеп шешімін тауып келеді. Кеңес кезеңінен қалған медпункттердің бүгінде іргетасы сөгіліп, құлайын деп тұрғандары баршылық-тын.

Ұзынарық ауылында медициналық бекеттің ашылғанына да біршама уақыт болды. Ал осы ауыл округіне қарасты Алшалы ауылындағы медициналық тірек ғимараты апатты жағдайда болатын. Ауыл халқы аудан орталығындағы емханаға қатынап келді. Қыстың күндері қалың қардан жол жабылып қалып, ауыл маңайынан ұзап шығу да оңайға соқпайтын-ды. Енді аталған мәселенің түйіні тарқатылды. Іргетасы сөгіліп, құлағалы тұрған ғимарат сүріліп, жаңа, заман талабына сай медициналық тірек салынбақ. Бүгінде арнайы жер дайындалып, іргетасы қалануда. Бұған әсіресе ауыл халқы қуанулы.

Айназ Бейімбет