“Батыр аналардың” қатары артты

300

Еңбекші ауданында көпбалалы “Батыр аналардың” қатары артты. Бүгін аудан әкімдігі 24 анаға “Күміс алқа», тағы төртеуіне “Алтын алқа” табыстады.

Айта өтейік, аудан бойынша 5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Соның 1100-і «Күміс алқа”, тағы 580 -і «Алтын алқа” иегерлері. Бүгін алқа таққан ардақтыларды құттықтаған аудан әкімдігі әр отбасыға татулық тіледі.

Тәрбиелеп отырған ұл-қыздары елдің еңсесін көтеретін есті ұрпақ болып өсуіне тілектес екендігін жеткізді.

Нұрлан Күдерұлы