Германиялық маман спортшыларды жарысқа дайындауда

374

Халықаралық ФИСА академиялық қайықта ескек есу федерациясының мүшесі Аксель Мюллер шымкенттіктерді жарысқа дайындауда. Германиядан арнайы келген маман бүгінде Түркістан облысының спортшысы Владислав Яковлевпен жұмыс жасауда.

Осыған дейін де жерлесіміз неміс бапкерінің бақылауында болған еді. Енді Бадам су қоймасында олар алдағы Азия ойындарына дайындалуда. Бүгін оқу жаттығу жиынының соңғы күні. Ертең олар Индонезияға жол тартады.

Владислав құрлық ойындарында алтын медальға үміткер спортшы. Яковлев соңғы екі жыл бойына Германияда шеберлігін шыңдады. Ал германиялық маман бүгін жергілікті бапкерлер шеберлік сабағын береді. Өйткені, Олимпиада жүлдегерін дайындаған орталықтың маманы біздің жаттықтырушыларға айтар кеңесі көп.

Сарбиназ Алдабергенова