Инвестициялық жоба қалалықтарды тоңдырмайды

388

Қала тұрғындарын қыста тоңдырмайтын “Қуат жылу орталығы 3” МКК инвестициялық жобаны 80 пайызға орындады .Айтуыларынша қаладағы 419 шақырым жылу жүйелерінің басым бөлігі сол өзіндік қаржы құюдың арқасында жаңартылыпты.

Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша қаладағы 419 шақырым жылу жүйесінде 164 ақау табылған. Соның бүгінге дейін “Қуат жылу орталығы 3” мекемесі 142 жердегі келеңсіздікті жойыпты Сала мамандарының айтуыншы тозығы жеткен құбырларды анықтау қысымдау жұмысы арқылы іске асыпты. Енді инвестициялық бағдарлама арқылы 104 млн. теңге игеріледі. Оған 11 шақырым құбырлар жаңартылмақ.

“Қуат жылу орталығының” мамандары осы инвестициялық бағдарлама арқылы көпқабатты үйлердің жертөлесіндегі ескірген элеваторларды да жаңартып жатыр. Жұмыстың басым бөлігі Еңбекші ауданында. Аудан басшылығы алдағы қысқа 80 пайыз дайынбыз дейді. Тек қатты отынмен жылынатын тұрғындар көмір алуды жылдамдатуы тиіс. Қажетті 5 мың тонна көмірдің 619 тоннасы ғана алыныпты.

Биылғы жылы қаланың қысқа дайындығына қала қоржынынан 667 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржылар да тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңартуға жұмсалмақ.

Нұрлан Күдерұлы