Күнгейліктер қажылық сапарға аттанды

1271

Қажылық – жауапты Һәм сауапты ғибадат. Осыған орай, күні кеше мұсылманның бес парызының бірін өтеуге 150 облыс тұрғыны Меккеге жол тартты. Сапарға шыққандарды жақын туыстары мен имамдар шығарып салды.

Бұл түркістандық Төребай Әбдібайұлының алғашқы қажылығы. 40 жастағы азаматтың айтуынша, ол осы күнге көптен бері дайындалған. Енді дұғалары мен тілегі қабыл болып, Мекке-Мединеге аттанбақ.

Биыл қажылық сапарға 1 500 күнгейлік аттанады. Мекке-Мединеге сапар шегу құны 4 000-5000 доллар аралығын құрамақ. Ал Араб Әмірлігіндегі жерлестемізге 18 туристік компания қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – бірыңғай киім үлгісі. Яғни, ниет етуші ер адамдар ақ түсті, ал әйелдер көк түсті күртеше киетін болады.

 

 

Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти: «Егемендігіміздің арқасында жылдан жылға қажылыққа ұйымдастыру мәселелері жетіліп келе жатыр. Соның бірі қажыларымыздың сол елге баруы болса, одан бөлек олардың жанында дәрігерлеріміз, тілшілеріміз бар, одан бөлек арнайы мүфтияттан құрылған топ бар. Ақпараттық насихат тобы, түсіндіру тобы. Биылғы жылы да, өткен жылғыдай 3000 квота бөлініп отыр. Өтініш білдірушілер өте көп».

Айта кетейік, биыл қажылыққа баратын қазақстандықтар үшін Сауд Арабия Корольдігі тарапынан 3000 квота бөлініпті. Соның тең жартысы күнгейліктердің еншісінде. Олар Мекке-Медине қаласына тікелей қатынайтын әуе рейстерімен аттанбақ. Сапар шамамен 14-15 күнге жалғасады.

Айя Мүтәлі