Коммерциялық нысандарға QR-код номерлі тақтайшалар орнатылуда

602
Фото Киелітас Әкімшілігі

Төлеби ауданындағы Киелітас ауылдық округіндегі кәсіпкерлердің коммерциялық нысандарына QR-код номерлі тақтайшалар орнату керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Достық елді мекенінің Астана көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға QR-код номерлі тақтайшалар орнатылды. Әлі де бұл жұмыс жалғасады. Сұлтанрабат елді мекенінің қазіргі Қаражол көшесін Сауран деп өзгертуге ұсыныс берілді.

Ономастикалық комиссияның оң шешімі шықса, Сұлтанрабат елді мекеніндегі кәсіпкерлік нысан иелері Сауран деген атпен QR-код нөмерлi тақтайшалар ілінетін болады.