Хорватия армрестлинг федерациясының президенті Шардарада

363

Еуропа армрестлинг федерациясының вице президенті, Хорватия армрестлинг федерациясының президенті Александр ИаковицШардараға тәжірибе алмасуға ат терлетіп сонау Хорватия елінен келді, деп хабарлайды «ShardaraArmsport-news».

Бүкіл әлемге әйгілі болып үлгерген Шардара армспорт спорт клубына келу көптен бері ойлап жүрген мақсаты екенін айта кеткен Александр Иаковиц осы командаға келіп чемпиондармен қауышқанына өте қуанышты екенін және мұндай жаттығу залын бұрын соңды көрмегінін айтып таңғалысын жасырмады.

Өзінің айтуы бойынша жаттығу залдарында Оңғарбаев Қыдырғали, Қарсыбаев Ғалымжан, Мағжан Шамиев сынды чемпиондардың фотосуреті ілініп тұрғанын айтып, Қазақстанға соның ішінде Шардара Армспорт спорт клубына деген құрметін білдірді. Жаттығу барысында спортшыларымыздың дайындықтарын видеоға түсіріп,өз елінде мақтанышпен көрсететінін айтты.

Жаттығу залымен толық танысып шыққан Хорват елінің армретлинг федерациясы президенті Александр осындай команда құрған Қарсыбаев Арман Романұлына алғысын білдіріп, бір команда ғана емес көптеген мемлекет жетпеген жетістіктерге жетіп жүрген команда екенін айтып, алдағы Қазан айында Туркия елінің Анталия қаласында өтетін Әлем чемпионатына сәттілік тіледі.