Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

470
Фото inform.kz

Синоптиктер Қазақстанда 9-11 қазан күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Батыс тропосфералық бөліктер баяу түрде солтүстік-батыс және солтүстікке ауысады. Алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстігінен ауысып отырған арктикалық ағындардың әсерімен республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы 0 градустан төмендейді», – делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында күн суытты, мұнда да жаңбыр жаууы ықтимал, ал қар аралас жаңбыр әзірге тек таулы аймақтарда күтіліп отыр.