953 мың теңге: Әбдірахымов өзге әкімдерден көп жалақы алатын болып шықты

404

«Зың әкім» атанып кеткен Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымов айына бір миллионға жуық жалақы алатынын жасырмады деп хабарлайды
NUR.KZ.

NUR.KZ сұранысына берген жауабында Әбдірахымов мырза айлығы 953 мың теңгені құрайтынын жеткізді. Алайда мемлекетке төленетін міндетті салықты есептегенде, ол айына 762 400 теңге алады екен.

«Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметкер алатын жалақы туралы айтар болсақ, олардың айлық көлемі жекелеген үлкен компанияда жұмыс істейтін азаматтар алатын көлеммен бірдей болу керек деп ойлаймын. Бұл халықаралық тәжірибе! Мемқызметкердің айлық жалақысы олардың жақсы өмір сүруіне жетіп, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту керек», – деп есептейді ол.