«Заңсыз келуші-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

496

Іс-шараның басты мақсаты – шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу, облыс аумағында заңсыз жүргендерді анықтап, заңсыз көші-қон жолдарын кесу, сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарту жайттарын анықтау.

«Заңсыз келуші – 2018» жедел-профилактикалық іс-шара өткізудің 4 күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 1173 заңбұзушы анықталды, оның ішінде 1003-і шетелдіктер, 170-і ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылықтардың 580 ескертілген, 83-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 375 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ, ТО ІІД-нің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 99 адам орналастырылды. 135 шетел азаматтарына ел аумағында болу мерзімдері қысқартылып, 315 шетелдіктер сот шешімдерімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылған. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және көші-қон саласында заңды бұзғаны үшін ҚР 170-тан астам тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, «Заңсыз келуші-2018» жедел профилактикалық іс-шара барысында полицейлермен Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін 14 жайт анықталып.

ТО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы