Úı ANONS Қазақстан футболшылар жалақысы жоғары 25 елдің қатарына енді

Қазақстан футболшылар жалақысы жоғары 25 елдің қатарына енді

Global Sports Salaries компаниясы бірқатар зерттеулер жүргізіп, әлем бойынша барлық чемпионаттардағы футболшылардың жалақысын анықтады. Бұл тізімде Қазақстан Премьер-Лигасы да бар.

Global Sports Salaries дерегі бойынша, Қазақстан Премьер-Лигасының негізгі құрамының футболшысы орта есеппен жылына 148 513 доллар (айына 12 376 доллар) табады. Осы көрсеткіш бойынша ҚПЛ әлемде 25-орында тұр. Футболшыларға берілетін ақы бойынша Англия көш бастап тұр — жылына 3 935 197 доллар. Сондай-ақ, үздік үштікте Испания — 2 896 151 доллар және Италия — 1 999 865 доллар бар. Қазақстан чемпионаты Оңтүстік Корея, Австралия, Польша, Хорватия және басқа лигалардан жоғарғы орында тұр.

дереккөз: Sports.kz және «Хабар24»