Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

662
© egov.kz

Қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1 желтоқсан Тұңғыш Президенттің күні болып саналады. Бұл мереке сенбі күніне түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін дүйсенбі 3 желтоқсан демалыс болады.

16 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Әдетте Тәуелсіздік күнінде екі күн демалады, бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсетіндіктен қазақстандықтар 15-18 желтоқсан аралығында демалады. 19 желтоқсан жұмыс күні болады. Ал Жаңа жылда қазақстандықтар сенбі 29 желтоқсанда жұмысқа шығып, дүйсенбі 31 желтоқсанда демалады.