Алдағы уақытта жүргізушілер айып тұрағындағы көлігін аз уақытта әкете алады

267

Алматы жүргізушілері көліктерін айып тұрағынан аз уақытта алып кететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен полиция департаменті арасындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен Алматыдағы «Көкжиек» шағынауданындағы ең үлкен айып тұрағында әкімшілік полиция бекеті ашылды. Енді құқық бұзушылар көлігін сол жерде рәсімдеп алып кете алады.

«Бүгінгі күні көлікті қайтару барлық құқықтық процедураларды қосқанда ұзақ уақытты алады. Ертеңнен бастап жүргізушілер құжаттарын сол жерде рәсімдеп, көлігін әкете береді», – деді басқармадан