Шымкентте аналогтық хабар тарату жүйесі өшірілді

633

Бүгін, 27-қарашадан бастап, Шымкент қаласында аналогты хабар тарату тоқтатылды. Бұдан кейін қала тұрғындары үшін 30-ға дейінгі телеарна бағдарламалары қолжетімді болады.

Ал Түркістан облысының елді мекендерінде тұрғындар бұрынғы 4 арнаның орнына 15-інің бағдарламаларын көре алады. Аймақтың тұрғындарын қажетті сандық жүйемен қамту үшін «DVB-Т 2» қабылдағыштарды арнайы сату нүктелері ұйымдастырылады. Орташа бағасы – 3500 теңге мен 10 мың теңге аралығында болады. Аймақта сандық хабар таратуға ауысу 79 цифрлық таратқышты қосу арқылы 79 радио және теледидар станцияслары салынып, жаңартылған.

Сондай-ақ, қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, 2018 жылдың соңына қарай «ОТАУ» теледидар қызметіне атаулы әлеуметтік көмек алатын 27 509 отбасы қосылады деп жоспарлануда. Бұл отбасылар сандық сигналдық қабылдағыштармен қамтамасыз етіледі.

Аймақта сандық хабар таратумен қамтылмаған 20 елді мекен, 1413 шаруашылық бар екен. Жоғары сапалы теледидар сигналдарын беру үшін бұл елді мекендердің барлығы да «Отау TV» спутниктік теледидар арнасына толықтай қосылыпты.

Жанар Есенбекова