Қашықтықтан оқыту қай телеарналардан жүргізіледі?

244

Ұстаздардың сабағын жазып үлгермеген бала телеарналар арқылы да сабақ оқуына мүмкіндігі бар. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева осылай деді.

Республикалық «Хабар» және «Ел Арна» телеарналарында күнделікті сабақтар жүреді. Қазір 30 мыңнан астам дәріс әзірленген. Ол сабақтар жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарынан берілетін болады.

«Жалпы бұл жүйе орта білім мекемелерінде алғаш рет қолданылып отыр. Сондықтан ұстаздар үшін артылған жауапкершілік үлкен. Дегенмен біз бар күшімізді саламыз, – деді білім басқармасының басшысы.

Мақпал Рысбаева