Теңгенің шығу тарихымен таныстырды

353

ҚР Ұлттық валютасына 25 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты экскурсия өтті.

Іс-шараға № 19 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Библиограф Ж.Самуратова іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихын баяндап, оның маңызын түсіндіріп, ақшаның пайда болу тарихына тоқталды.

ҚР Ұлттық валютасы айналысқа енгені слайд көрсетілімімен жалғасты. Алғашқы қағаз купюралар, ақшалар, кейінгі шыққан банкноттар көрсетілді. Төл теңгеміз туралы көрініс қойылды. Оқырмандар белсене атсалысты.

Іс-шараның соңында библиограф «Қазақстанның ұлттық валютасы» атты эскиз-көрмедегі тенгенің суреттерімен, кітаптармен және «Тәуелсіздікпен келген теңге» мақалаларымен таныстырды.