Қытай ғалымдары суықтың адам денсаулығына қаупін анықтады

633
Көрнекі фото:izvestia.kiev.ua

Қытай ғалымдары суықтың адам өліміне әсерін анықтады.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қытайдағы аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары адам өліміне алып келетін бірден-бір табиғи фактордың суық ауа райы екенін хабарлаған.

Ғалымдар төмен ауа температурасы мен адам өмірінің арасындағы байланысты ғылыми зерттеу арқылы анықтаған. Ол үшін ғалымдар елде қайтыс болған 1,8 миллионнан аса адамның өлімін зерттеген. Зерттеу нәтижесінде, сол адамдардың көбінің қайтыс болуы суықпен байланысты болып шықты.

«Суық жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етіп, адамның дербес жүйке жүйесіне өзгеріс әкеледі, қан қысымына әсер етіп, асқыну процессіне әкеп соғады», – деп келтірді ғалымдардың бірінің сөзін China Daily басылымы.

Ғалымдардың айтуына қарағанда, суық тигеннен кейін ауырып қалу қаупі екі аптаға дейін сақталады.

Сонымен қатар, мамандар әсіресе балалар, әйелдер мен 75 жастан асқан адамдар үшін суықта жүрудің қауіпті екенін анықтады, себебі олар суықтан келетін қауіпке тым бейім болады. Адам үшін ең жақсы температура – 22,8 градус. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай температурада ауырып қалу қаупі тым төмен.

Дереккөз: Life.ru және tengrinews.kz