Астана мен Түркістанда пәтер бағасы қымбаттап кетті

518

​Қазақстанда 2018 жылдың қараша айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрін сату бағасы 2,2% – ға артып, 265,7 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS порталына сілтеме жасап Elitar.kz.

Дәл осы кезеңде абаттанырылған тұрғын үйдің құны 1,7% – ға өсіп, 185,6 мың теңгені құраған. Ал жалдау ақысы 5,9% – ға қымбаттаған. Жаңа тұрғын үйлер Шымкентте (4,9%), Астанада (4,2%) және Петропавлда (3,7%) артса, Көкшетауда жаңа баспананың 1 шаршы метрі 4,5% – ға арзандады.

Ел бойынша қайталама тұрғын үй бағасы Түркістанда күрт өсті. Қала облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін баспана бірден 15,7% – ға (шаршы метр үшін 157,2 мың теңгеге дейін) қымбаттаған. Сондай-ақ, қайталама тұрғын үй құны Астанада (8,8% – ға), Қызылордада (6,8% – ға) және Қостанайда (3,7% – ға) артқан.

Сондай-ақ, Түркістанда баспананы жалға алу ақысы да белсенді түрде қымбаттап, 51,7% – ға жеткен. Ал Жезқазғанда – 15,6%–ға, Таразда – 8,9%–ға, Шымкентте–7,1% – ға, Павлодарда-7% – ға, Астанада-5,3% – ға, Қызылордада-4,6% – ға өсті.