Мемлекеттік мерекеде бірқатар шымкенттіктер марапатталды

433

Шымкентте тәуелсіздіктің тойы тойланып жатыр. Мемлекеттік мереке әнұранның құрметпен орындалуынан басталды.

Осылайша, Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында, жыл бойы еселі еңбек еткендер марапатталды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов түрлі салада жетістіктерге жеткен лайықты тұлғаларды құрметке бөледі. «Ерен еңбегі» үшін медальдарымен қатар, «Құрмет» және «Парасат» ордендерін кеуделеріне тағып, алғысын жаудырды. Саxна төрінен талай үздік шәкірттер тәрбиелеп түлеткен №65 мектеп-гимназияның директоры Қатира Қырғызбайқызы да көрініп, мерейі тасыды.

Қатира Кәдірбаева, №65 мектеп-гимназияның директоры: «Өте қуаныштымын. Қазіргі әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің оқушыларым бүгінде биік белестерді бағындырып, ақ үмітімді ақтап жүр. Еліне еңбек етіп, сүбелі үлесін қосып жүргені қуантады. Алдағы күндері де көшбасшы шәкірттерді тәрбиелеуден жалықпаймын».Тәуелсіздіктің тойында қала әкімінің арнайы алғыс xаттары да тапсырылды. Құрмет қағазын жергілікті БАҚ өкілдері мен өзге де саланың мамандары еншілеп, жауапкершілігі еселенді. Түркістан сарайының төрінде өрбіген осынау салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Онда ел мен жерге деген құрметті еселеп, патриоттық сезімге баулитын шығармалар орындалып, көпшілікке руxты кеш сыйлады.

Фото: shymkent.gov.kz