Полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқаны үшін… тергеу жүргізілуде

435

8 желтоқсанда жергілікті тұрғынның полиция қызметкерінің намысына тиіп, балағат сөздер айтқаны жазылған бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігі, яғни «Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Шымкент қ. ПД Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерінің ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын бұзғаны бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі