Саяхаттап жүргені үшін 7 мың еуро төленетін жұмысқа адам іздестіріліп жатыр

304

Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген. Олардың хабарландыруы Perfocal агенттігінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бізбен бірге әлемді аралап, түрлі шараларда суретке түсіретін адамды іздестіріп жатырмыз. Оның үш айдан аса уақыт үйінен тыс жерде жүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Біз Еуропа, Америка және Оңтүстік Америкадағы мемлекеттерге саяхаттаймыз.

Сонымен қатар Аустралияға барамыз», – дейді жұмыс берушілер.
Сондай-ақ, олар мұндай жұмысты бір жылдық мерзімге ұсынатынын және айына 7 мың еуро (2 млн 900 мың теңгеден аса) төлейтінін айтты.

Хабарландыруда фотосуретшінің кемінде 5 жылдық еңбек өтілі болуы керектігі көрсетілген.