Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол салмақ болған азаматшаны құтқарып қалды

575

Бүгін кешкілік уақытта «Нұрсәт» шағынауданындағы 23 «а» үйдің 5 – қабатынан 1984 жылғы азаматша өз – өзін лақтырмақшы болған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына шақырту түскен. 937 автоэкипаж қызметкерлері оқиға орнына алғашқы болып жетеді.

937 автоэкипаж қызметкерлері Самат Төлепбергенов және Еркебұлан Баратбаев екеуі есікті сындырып кіріп, терезе жақтауында тұрған азаматшаны амалдап құтқарып қалды.

Осы кезде туысқандары да жеткен. Әйелдің туысқандары жіті қимылдап ажалдан арашалап қалғаны үшін тәртіп сақшыларына алғыстарын жаудырды. Құқық қорғаушылар өзін өлімге қимақ болған әйелді жедел тергеу тобына өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматшаның өзіне не үшін қол салмақшы болғаны белгісіз. Тәртіп сақшылары төтеншеліктерді күтпей-ақ өздері тез арада шешім қабылдап, бір адамды ажал аузыан құтқарып қалды.

Ернар Балабеков