Жетісай ауданы бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 2018 жылға 4 айдың жоспары 359,1 млн теңгені құрап отыр. Бұл көлем жыл соңына дейін толығымен орындалады. Бюджеттің шығыс бөлігі яғни 7 млрд 924,9 млн. теңге жоспарланған қаржы 99,9 пайызға орындалады деп күтілуде.
Сол үшін қала, кент, ауыл округінің әкімдері жер, мүлік, көлік тағы да басқа салық түрлерінің берешектерін қайтаруда белсенділік танытуы қажет. Бүгін бұл туралы аппарат отырысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.
Жиын барысында Жетісай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серікбай Пиримбеков 2018 жылғы бюджеттің орындалу жөнінде баяндама жасады.
Мәселеге жан-жақты қаныққан аудан басшысы жылды нәтижелі қорытындылау үшін жоспардағы қаралған қаржыларды толық көлемде игеру және индикторлардың орындалуы бойынша тиісті салалық бөлімдерге жұмысты жандандыру қажеттігін қатаң ескертті.
Бұдан бөлек, отырыс барысында өңір басшысы халықты газбен қамту, көгалдандыру және абаттандыру, егістік жерлерді суғару, каналдарды мемлекеттік меншікке өткізу жұмыстарының нәтижесі туралы тиісті сала басшыларының есептерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында Жетісай ауданының аумағындағы елді мекендерді 2018 жылдың күз мезгілінде көгалдандыруға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл Желек» мемлекеттік мекемесі тарапынан 10200 дана (Айленд-1000, Катальпа -2550, Ясень(шаған)-550,Клен (үйеңкі)-2550, Дуб(емен)-1000,Вяз (қараағаш)-2550) түрлі деңгейде көшеттер алынып, Қазыбек би, Ділдәбеков, Ынтымақ ауыл округтері маңындағы республикалық маңызы бар жол бойына отырғызылуда. Егілген көшеттердің жер көлемі 22,2 гектарды құрайды.
2018 жылы ауданға кіреберіс республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойын яғни, Ш. Дәлдабеков, Асықата кенті аралығындағы 1,7 шақырымды құрайтын шарбақпен қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен 27 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Жетісай ауданын көгалдандыру, көріктендіру, абаттандыру, безендіру жұмыстарына эскиздік жоба жасалынып, Жетісай қаласының С.Қожанов көшесінің эскиздік жобасы мен Жетісай ауданына кіреберісіне Жетісай ауданының белгісі орнатылды. Сондай-ақ, Ш.Ділдәбеков ауылдық округі, Сырабад елді мекеніндегі абаттандыру жұмыстарына нобайлық жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі