Қазақстанда бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы өсті

667
фото Nur.kz

Қазақстанда бала туғанда берілетін біржолғы және оның 1 жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы өсті, деп хабарлайды Астана теларнасы. Алғашқы үш балаға берілетін біржолғы жөргекпұл 2017 жылмен салыстырғанда 5168 теңгеге жоғарыласа, төртінші баладан бастап 9 мың теңгеге артық төленеді.

Айына табысталып отыратын жәрдемақы 13070 теңгеден 13857 теңгеге өскен. Тиісінше бала саны көбейген сайын айлық жәрдемақы саны да артады. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршылар саны 2018 жылдың қорытындысы бойынша 80 мыңнан асып отыр. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі де 4 мың теңгеге өскен.   Ә. Өмірзақ