70 жылқыны ұрлаған күдіктілер тұтқындалды

440

Түркістан облыстық криминалды полициясы қызметкерлері Бәйдібек ауданының ірі қара мал еркін жайылымында күдікті барымташыларды қамауға алды.

Бәйдібек АПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғынның арыздануымен байланысты, өткен жылдың наурызында оның 30 бас жылқысын белгісіз біреулер ұрлаған.
Бұл оқиға ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы ретінде СДТБТ тіркелген. Полиция бөліміне бірнеше жәбірленушілерден түрлі балама арыздар келіп түскен.

Ірі қара малды ұрлауды ашу мақсатында облыстық полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы түзілді. Қылмыскерлерді іздеуде полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полицейлер мал ұрлығы бойынша күдіктілерді тұтқындау мақсатында жедел шаралар жүргізді.

Жедел-іздестіру шараларының сәтті жүргізілуінің нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері Түркістан қаласының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады.

Бәйдібек ауданының аумағында болған ірі қара мал ұрлығының 4 фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Еркін мал жайылымында 70-ке жуық жылқылар ұрланған, 30 000 000 теңгеден аса суммада жәбірленушілерге зиян келтірген.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ұрланған мүлік заңды иеленушіге қайтарылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полецейлері иелігіндегі мал-мүліктерін ұстауда сақ әрі ұқыпты болуын және жайылымдағы малдарын қараусыз қалдырмауды, мүмкіндігінше малшы ұстауды, үй жануарларына таңба, бирка салуды, оларды ұстау орындарын күшейту қажет екендігін ескертеді.

Мал жоғалу қаупі орын алған жағдайда тезірек полицияға хабарласыңыздар.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі