Газ баллонын тұтынатын тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

342

«Иісті газдан сақ болыңыз». Төтеншеліктер күн суытқалы түсіндіру жұмыстарын тоқтатқан емес.

Әсіресе, орталықтандырылған жылу жүйесінен бөлек  тұрғындар қосымша электр газ құрылғыларын пайдаланатыны  жасырын емес. Сондықтан, Еңбекші ауданы әкімдігінің  халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары  аудандағы  төтенше жағдайлар бөлімінің  өкілдерімен халық арасында профилактикалық шараларды қайта жандандырды. Әсіресе, газ баллонын пайдаланатын көпқабатты үй тексерілді. Бұрын бұл үй жатақхана болған.

Сала мамандары, әрбір пәтер иесіне газ құрылғыларын пайдалану ережелері, иісті газбен уланудан сақтану жолдары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, әрбір тұрғынға өрттен сақтану, иісті газбен уланудың жолдары, алғашқы көмек жазылған жадынама таратылды.

Сақтық шараларын мұқият орындауға шақырған қағазда төтенше жағдайда хабарласатын арнайы қызметтердің байланыс телефондары көрсетілген.

Жедел қызметтерді шақыру телефондары:

Өрт сөндіру қызметі                   101

Полиция                                    102

Жедел  медициналық жәрдем     103

Газ шаруашылығы қызметі         104

Бірыңғай құтқару қызметі           112

Шынар Оразова