Шымкентте 100-ге жуық көшені жөндеуге 4 млрд. теңге бөлінбек

278

2018 жылы Шымкент қаласында 200-ге жуық көше жолдары жөндеуден өтті. Жылдың соңында оның 174-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 4 көпір мен 15 орталық көше бар. Сондай-ақ, қала, облыс тұрғындары, әсіресе, жүргізушілер асыға күткен “Бекжан” базарының маңындағы өткелдің құрылысы да былтыр аяқталды.

Абай Тұрханов, Шымкент қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі: «2019 жылға жоспарымыз бойынша 217 көшеден 61 көше қалған. Сол 61 көшенің құрылысын аяқтап, 25 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралған. Сол жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, қосымша нақтылау барысында қосымша қаражат сұралатын болады».

Күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 728 млн. теңге бөлінген. Ал биыл 100-ге жуық көшені қалпына келтіруге 4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржыға көшелерден бөлек, 2 көпір мен 4 жол айырығы салынады деп жоспарланған.

Назерке Үкібасова