Жұмыстан заңсыз босатылған азаматтың құқығы қорғалды

438

Арыс аудандық соты жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талапкер сотқа берген арызында Түркістан облысы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс атқарғанын көрсеткен.

Түркістан облысы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен талапкер жұмыстан заңсыз босатылған.

Сот шешімімен талабы ішінара қанағаттандырылып  талапкер бұрынғы жұмысына қайта орналастырылды, жұмыс берушіден амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі