Қарызын қайтармағаны үшін телефонын тартып алған

223

Түркістан облысы Арыс ауданының тұрғыны қарыз ақшасын қайтарып ала алмаған соң берешек адамнан телефонын тартып алған. Осы қылығы үшін сот алдында жауапкершілікке тартылды.

Сотталушы А.Н.-ға жәбірленуші К.А.-ға 200 000 теңге қарыз берген. Қарызданушы ақшаны қайтаруға уәде берген. Дегенмен уақытында қарызға алынған қаражатты қайтармай жәбірленуші созбалаңдыққа салып жүріп алады. Ақыры ауылдастар араздасып тынады.

15 сәуір күні кешкі сағат 23 терде А.Н. қарыз алушы К.А. -ның Samsung j2 телефонын тартып алады. Телефонды тек қарыз ақшаны​ қайтарып​ бергенде ғана​ кері қайтаратындығын айтқан.​ Сотталушының бұл әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің​ 389-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықпен сараланған. Алайда, екі тараптың өзара татуласып, келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

«Бүгінгі таңға көпшілік азаматтар арадағы араздықты немесе келіспеушілік әрекеттерді өзінше күш қолдану (қорқыту, қоқан лоққы жасау т.б.) арқылы шешуді – мәселе шешудің оңай жолы деп ойлайды. Бірақ, мұндай әрекеттер заңға қайшы. Сондықтан, заңды білмеу оның жауапкершілігінен босатпайды»-де хабарлайды Арыс аудандық сотының баспасөз қызметі.