Жаңа мектепте бастауыш сынып оқушылары үшін орын жоқ

256

Білім ошағы жаңа ғимаратқа көшті. Сайрам ауданы Далабазар ауылындағы құрқұлтайдың ұясындай тар мектептің орнына 600 орындық жаңа нысан салынды. Бүгінгі таңда балалар су жаңа білім ордасында оқып жатыр. Осыған дейін аталған мектептің оқушылары 200 орынды ескі мектепті паналап, үш ауысымда оқыған болатын.

Алайда жаңа мектеп ғимаратында бастауыш сынып оқушылары үшін орын қарастырылмапты. Олар әлі де ескі мектеп ғимаратында білім алуда.

Дегенмен білім ошағының басшысы кішкентай мектеп үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқандығын, көп ұзамай құрылыс жұмыстары да басталатындығын айтып қуантып отыр.

Меруерт Ахан