Жеке мектеп ашатындарға қомақты қаржылай қолдау көрсетіледі

671
фото inform.kz

2019 жылдан бастап жеке мектептерде жан басына қаржыландыру біртіндеп енгізілуде. Базалық мемлекеттік ынталандыру компоненті жылына бір оқушыға шамамен 235,5 мың теңгені құрайды.

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша егер кәсіпкер жаңа жеке мектеп салатын болса, онда оған 8 жыл ішінде қосымша 242,4 мың теңге (96 АЕК) аударылып отырады. Барлығы 1 оқушыға жылына 478 мың теңге құрайды.

Қазір таңда мектептер салу қолжетімді болды: айтарлықтай ырықтандыру жүргізіліп, көптеген талаптар алынып тасталды, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері өзгертілді.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша кәсіпкерлер бұл бизнеске белсенді қызығушылық таңытуда. 2018 жылдың соңында 2 жеке меншік мектептің құрылысы аяқталды және ағымдағы жылы тағы 5 оқу орны өз есігін ашады.