«Құпия сатып алушы» зерттеу жобасы іске қосылды

580

 «Шымкент – адалдық алаңы» фронт офисінің алаңында «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының кең ауқымды жұмысында қолданылатын шаралар бойынша брифинг өтті.

Жобалық кеңсенің жұмысымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Е.Жұмабаев және жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев таныстырып өтті.

«Өздеріңізге белгілі, «Шымкент – адалдық аланы» жобалық кеңсесі «Cыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасы аясында ашылды. Аталған жобаға Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негіз болды.

Қазіргі таңда, жобалық кеңсе қала әкімдігімен, ӘКК және Агенттіктің аумақтық департаментімен бірлесіп, сәулет саласында 12 қызметті цифрландырған жобаны іске қосты» – деп хабарлады Е.Жұмабаев.

Жобалар аясында «Білім беру» бағыты бойынша жобалық кеңсе мектептерде ақша жинауды болдырмауға күш жұмсаса, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша тегін медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында қала халқы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін болады.

«Сонымен қатар, «secret shopper» (Құпия сатып алушы) әдісімен зерттеу жобасы іске қосылып, ол барлық әлеуметтік маңызды салаларды қамтиды, бұл өз кезегінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы болады», – деп түсіндірді «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев .

Одан бөлек, қоғамдық мониторинг нәтижелері қоғам мен бірқатар мемлекеттік құрылымдардың мүдделері арасында теңгерімсіздік бар екенін көрсетті. Ақпараттық ашықтық пен айқындылық құралдарының бірі «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» болып табылады, ол мемлекеттік бюджеттен мектептерді, ауруханаларды және басқа да қаржыландыру объектілерін қамтамасыз етуге арналған бюджеттің транспоренттілігіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Агенттіктің қалалық департаментінің «Қоғамдық бақылау картасы» арқылы кері байланыс орнатылған. Оның аясында facebook, vk, Instagram танымал әлеуметтік желілерінде ресми парақшалар және WhatsApp, Telegram (8-702-201-51-51), сондай-ақ call-орталық 51-51-51 іске қосылған.