17 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр

363

Шымкентте қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 17 жасар жігіттің өліміне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Бүгін алқа билердің қатысуымен куәгерлер тыңдалды. Сот отырысында марқұмның анасы ұлының өліміне қатысы барларға кешірім бермейтінін айтты.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Шымкенттегі «Самал» базары маңында жігіттер арасында топтық төбелес болып, нәтижесінде 17 жастағы жігіт оққа ұшқан болатын. Кикілжіңге себеп өз ара мықтыны анықтамақ болған.

Тараптардың бірі қару алып келіп екі рет оқ атқан. Жолдасының өтінішімен «разборкаға» келген 2001 жылы туған Махамбетәлі Әбунасыр алған дене жарақаттарынан көз жұмған болатын.

Алты перзентінің тұңғышынан көз жазып қалған Айсұлу Асанова сотталушы тараптың кешірім үшін саудаласып баққанын да айтып қалды.

Жанар Есенбекова