6 – сынып оқушылары жүкті болып қалған

514
фото Tengrinews

Мектеп партасында отырып, «мама» атанатындардың қатары жыл сайын артып келеді. Ел бойынша ең жас жүктілік 6-сынып оқушысынан анықталыпты. Осылай деген әйелдер кеңесінің төрайымы қалалық мектептерде семинар өткізуге кірісті. Айтуынша мектеп қабырғасында жүріп-ақ, жүкті болып жатқандар саны шошытқан. Өткен жылы Қазақстан бойынша 3000 ерте жүктілік тіркелген. Олардың арасында шымкенттік екі оқушы бар.

Елімізде әр жағдайға өз көзқарасы бар ұрпақ өсіп келеді. Жас буынға қарап осылай сүйсінетін үлкендер кейде жаңа толқынның қайбір әрекеттерінен жерініп те жатады. Мәселен, мектеп қабырғасында жүріп жүкті болу проблемасы. Өзекті мәселеге тек жастарды кәналау қате деген қаламыздың үлгілі аналары мектеп оқушыларымен кездесті.

Жастардың бұл жағдайға өз пайымы бар екен. 10-сынып оқушысы Зарина Талғатованың айтуынша болған оқиғаға жас қызды ғана кінәлау орынсыз. Айтуынша, ата-ана мен мұғалімдер де қыз етегінің түрілмеуін қадағалау керек. Және қыздардың көңілі махабатта емес сабақта болғаны абзал дейді.

Зарина Талғатова, 10 сынып оқушысы: «Жігітке көп қарамау керек. Себебі кейбір жігіттердің алдауына түсіп қалған қыздар қазір опық жеп жүр. Сол себепті қыздар өздерін сақтап, сақтанып жүрсе…».

Тақырыптың тағы бір ұшы жігіт жауапкершілігінің азайғанына келіп тіреледі. Әйелдер кеңесі төрайымының айтуынша мектепте ер мұғалімдердің қатарын арттыру қажет. Өйткені қазіргі әрбір үшінші отбасында ер балалар әке тәрбиесін көрмей өсіп келеді екен. Салдары қоғамда сан түрлі мәселені туғызып отыр.

Баян Жандосова, әйелдер кеңесінің облыстық және қалалық бөлімінің тарайымы: «200 мұғалім отбасына зерделедім. Соның 13 пайызы ажырасқан, 14 пайызы жалғызбасты. Жалғызбасты ана өзінің қызын тәрбиелеп отырып, жалғызбасты мұғалім оны әрі қарай тәрбиелеп отырса, ер балаларға өте қиын. Осы мәселе көтеріп отырмын. Ер азамат мұғалімдерді көбірек мектептерге жіберу керек. Өйткені ер-азаматтардың тәрбиесін біздің көптеген балалар көрмейді».

Ерте жүктілікті жою үшін билік жаңа қадамдарға бармақ болды. Оның бірі бозбалаларға мүшеқапты тегін тарату болса, екіншісі ата-ана рұқсатынсыз түсік жасау мәселесі. Заң әзірге қабылданған жоқ. Талқыланып жатқан жаңа жобаға халықтың да өз айтары бар.

Айта кетейік, еліміз бойынша 3000 ерте жүктілік тіркелген. Оның 2000 -ы жасанды түсікпен аяқталған.

Назерке Үкібасова