Баскетболда кіл жүйріктер

374

Баскетболдан дәстүрлі Фарух Шаназаров турнирі жүйріктерді жинады. Осымен 14 – рет ұйымдастырылған жарысқа биыл 8 команда жиналып отыр. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жас жеткіншектері. Ал, жас спортшыларға аты аңызға айналған спорт майталмандары сәттілік тіледі.

Еліміздің ғана емес түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпазы Фарух Шаназаров бокстан спорт шебері болған. Дара жолын бастап келе жатқан жас спортшы 17 жасында көз жұмды. Шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмеген дарабоздан әкесі де көп үміт күткен.

Муслим Шаназаров, жарыс ұйымдастырушысы: «Жарысқа көптеген команда қатысуға ниет білдірген еді. Бірақ, сайыс күні шектеулі болғандықтан барлығын бірдей қабылдай алмадық. Турнир бар жоғы екі күнге жалғасады. Сайысқа алыс жақын елдерден қонақтар да келді».

Айта кетейік, турнирдің келесі жылы мерекелік датасы өтеді. Аталмыш жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан және Тараз командалары келеді деп жоспарланып отыр.