Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин «Otyrar.kz» сайтында жарияланған мақалаға орай өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды.
«Құрметті шымкенттіктер, ақылдасайық…
Мен Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябаққа жиі келіп тұрамын. Кіру төлемі — 26 теңге…
Бірінші мәселе. Кассасында қайтарым жоқтығынан, келушілердің көбі 26 теңге емес, 30 немесе одан да артық соманы төлейді. Бұл артық төлемдер қайда кететінін білмейміз. Меніңше, 26 теңге төлем ретінде — қолайсыз. Шамамен жинақтау үшін, кіру бағасын өзгертуіміз қажет (мысалы: 30, 50 немесе 100 теңге). Ал сіздер қалай ойлайсыздар?
Екінші мәселе. 21 ғасырда касса мен оның кассирі керек пе? Егер біз кассаның орнына төлем алатын автоматты орналастырсақ қалай қарайсыздар?
Барлық төлемдер өз орнына ресми түрде кетеді яғни автоматты түрде жиналатын да санайтын да болады. Кіру-шығу мәселелерін әрине өз бақылауымызда ұстаймыз. Өздеріңізге белгілі, касса қарсысында күзет пунткі бар, бақылайды.
Үшінші мәселе. Жылына Дендросаябаққа 100 мыңға жуық адамдар келуде. Содан жылына дендросаябақ бюджетіне орташа 2,6 млн. теңге келіп түсуде. Бұл жиналған ақша қайда кетеді, xалыққа белгісіз. Меніңше, кіру үшін xалықтан түскен ақшаның сомасы ашық болу қажет. Күнде қанша ақша келеді, интернет арқылы қарауға мүмкіншілікті неге жасамасқа? Одан бөлек, жылына жиналған ақшаны қалай жұмсау керектігін xалықпен неге ақылдаспасқа? Жаңа ағаштар сатып аламыз немесе су жүйесін жөндейміз немесе жүгіретін жолды саламыз деген сияқты мәселелерді талқылауға болады. Оның бәрін интернет арқылы жасау қиын емес. Мұндай ашық жұмыс атқарсақ, сонда кіру бағасын көтеруге де болады. Қалай ойлайсыздар?”.