Елімізде ең алғаш рет қолданылуы тиіс болған химиялық кастрацияны сот шешімімен тоқтатып тастады

435
Stan.kz

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы еліміздегі химиялық кастрация барысы туралы әңгімелеп берді.

Оны алғаш рет кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін сотталған Төлеби ауданының тумасына қолданбақ болған. Мұндай жаза кімдерге тағайындалады және препарат жыныстық құмарлықты қалай жояды?

Түркістан облысында өткізілуі тиіс алғашқы химиялық кастрация болмай қалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының брифингінде мәлімдеді. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев, осындай айыппен сотталған жас жігітке тағайындалған кастрацияны сот соңғы сәтте тоқтатқанын айтып өтті.

Өңірдің бас дәрігері Мұқан Егізбаев медицина саласындағы жетістіктер туралы айтып өткен брифингте журналистер химиялық кастрациясының тәртібі туралы сұрады. Өткен жылы аймақта өткізілуі тиіс болатын. Сол кезде бұл процедура Түркістан облысының тұрғынына алғаш рет қолданылатындығы айтылған болатын.

Мұқан Егізбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы: «Жоқ, кастрация болған жоқ. Сот оны тоқтату туралы ескерту жасады».

2018 жылдың сәуір айында Төлеби ауданының 30-жастағы тұрғыны кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін сотталған болатын. Сот оны химиялық кастрация бойынша мәжбүрлеп емделуін тағайындады, бірақ прокуратура сот шешімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, ал алты айдан кейін апелляциялық комиссияда химиялық кастрация туралы сот шешімі жойылды.

Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Заң бойынша, аталған рәсім балаларға қатысты жыныстық қылмыстар үшін сотталғандарға тағайындалады.

Химиялық кастрация тақырыбы қоғамда әлі де қызу талқылануда. Қазақстандықтар бұл мәселеде екі тарапқа бөлінеді: біреулері педофилдерді инъекциямен мәжбүрлеп емдеуді қолдаса, басқалары оны қатаң шара деп айыптап отыр.

Өткен жылы Шымкентте және Түркістан облысында балаларға қатысты бірнеше зорлық-зомбылық оқиғалары орын алған болатын. Содан кейін, қоғамда педофилдерге қарсы қатаң шаралар қолдану қажеттігі туралы жиі айтыла бастады. Химиялық кастрация тағайындалған адамдарға келер болсақ, олар рәсімнен кейін тиісті органдармен қатаң қадағаланатын болады.

Шуддин Саидов