Қазақстанда үш педофил химиялық кастрацияға кесілді

312
Zakon.kz

Қазақстанда педофилия үшін сотталған үш ер адамға химиялық кастрация қолдану туралы үкім шықты. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот кастрация қолдануға үкімі кескендердің бірі ШҚО-ның 63 жастағы тұрғыны.

Ер адам жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері және жас балаларды зорлау, сондай-ақ жас балаларды азғындық жолға түсіру баптары бойынша сотталған.
Екінші ер адам Қызылорда облысынан. Ол ер адам қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу және жас балаларды зорлауға оқталу бабы бойынша сотталған.

Химиялық кастрацияға кесілген үшінші сотталушы Қарағанды облысының тұрғыны. Ер адам көрінеу жас баланы зорлағаны үшін және көрінеу жас балаларға қатысты жасалған зорлық әрекеттері үшін сотталған.