Көкпардан жастар командасы жасақталады

411

Көкпардан Шымкентте басталған облыс турнирі жүйріктер есімін анықтады. 7 дүркін КСРО жеңімпазы Шымырбай Әуезбаевқа арналған жарыс апта басында жалауын көтерген еді. Бәсекеге Түркістан облысының әр аймағынан 9 команда жиналды.Басты мақсат өңірдің жастар командасын жасақтау.

Сонымен 3 күнге жалғасқан жарыстың ақтық бәсекесіне Жетісай және Зағамбар командалары шықты. Тау жігіттерінен бұл жолы зағамбарлықтар басым түсті. Енді сәтті өнер көрсеткен шабандоздар Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғайды.

Назерке Үкібасова