Көкпаршылар чемпион болудан үмітті

526

Көкпардан Түркістан облысының жастары Шымкент қаласында өзара мықтыны анықтауда. Шымырбай Әуезбаевтың 70 жылдығына арналған жарысқа өңірдің 9 командасы жиналған. Осымен 2 – рет жалауын көтеріп отырған жарысты аңызға айналған шабандоздар тамашалауда.

Шымырбай Әуезбаев, көкпардан КСРО-ның 7 дүркін жеңімпазы: «Жарыстың басты мақсаты өңірдің жастар командасын жасақтау. Іріктелген ойыншылар Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын болады».

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жалауын көтеретін ел біріншілігі келесі айда өткізілмек.

Еске сала кетейік, 6 жыл қатарынан ел үздігі болып келген облыс жастары өткен жылы екінші орын алған еді. Биылғы мақсат чемпиондықты уыстан жібермеу дейді бапкерлер.

Назерке Үкібасова