Көпқабатты үйлерге газ баллонын сатуға, жеткізуге тиым салынды

439

Астанадағы бес баланың қазасы төтеншеліктерді аяғынан тік тұрғызды. Бұл жолы, түсіндірме парақтарын таратып қана қоймады. Көп қабатты үйлерге газ баллонын сатуға тыйым салды.

Бүгін Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті арнайы брифинг өткізді. Әңгіме өзегі сол… Өрт қауіпсіздігі туралы…

Мадияр Жақсыбаев «Балаларымызға біз жауаптымыз. Олардың іс -әрекеттеріне, заң бұзушылықтарына ҚР заңымен бекітілген нормативтік – құқықтық актілері бойынша біз ата- аналар жауаптымыз» деді.

Аттының айтқанын жіліктеп жеткізсек…. Астанада орын алған оқыс жағдайдан кейін шымкенттік жауаптылар да өрттен сақтанудың шараларын пысықтауға кіріскен. Қайғылы оқиғалар барысында балалар қараусыз қалған жағдайда ата – анаға артылатын жауапкершілік жайын бір қозғап өтті…

Бұдан бөлек, Шымқала аумағында 22 511 үй қатты отынмен жылытылатындығын тілге тиек етті. Басшының айтуынша көбіне өрт оқиғалары жеке тұрғын үйлерде, автокөлік және мекемелерде орын алады екен. Ал оның алдын алу үшін….

Мадияр Жақсыбаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары: «Есепті мерзімде Төтенше жағдай департаменті мамандары 4 900 үй аралап, 17 648 адамды үгіт – насихат жұмыстарымен қамтыды. Ал мектептерде 15 интеракитивті ашық сабақтар өткізілген. 96 мектептен 2 772 оқушы қатысты. Елімізде және көрші елдерде қайғылы жағдайлар орын алған кезде бізде де осы бағытта жұмыстар қолға алынуда».

2017-2018 жылы қалада 7 табиғи газбен улану оқиғасы тіркелген. Салдарынан 4 адам жапа шегіп, 10 адам қайтыс болған. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алмақ ниетте, Әл Фараби аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары әкімдікпен бірлесе «Чапавка» шағынауданында арнайы рейдтік іс шаралар легін бастап кетті.

Шағынаудандағы біраз үйлер табиғи отын тұтынса, енді бірі қатты отынның жылуын пайдаланып отыр. Оларға сақтық шаралары түсіндіріліп, парақшалар таратылды.

Нұрдәулет Ерғали, Әл Фараби аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері: «Қазіргі таңда рейдтік жұмыстар күшейтілуде. Көбіне орын алып жатқан оқыс оқиғалар тұрғындардың немқұрайлы болуы, қатты отынмен жылытылатын құрылғыларды дұрыс пайдаланбауынан болып отыр. Шатырдағы құбырларды уақытылы тазартпауы, желдеткіш құбырларын сыртқа шығармауы, балаларды қараусыз үйде қалдырып кетуі салдарынан осындай оқыс оқиғалар орын алуда».

Жауаптылар қала аумағында 7 өрт оқиғасының тіркелген айтып отыр. Келтірілген шығын көлемі 7 млн. теңгеден асқан. Былтыр өрт оқиғаларының 42 пайызға азайғаны да айтып өтті.

Сондай-ақ, қала аумағында газ баллондарын тасымалдайтын «Аргос», «ТөлебиАвтоГаз», «Бейбарыс» газ сату мекемелеріне көпқабатты үйлерге газ баллондарын жеткізуге, сатуға тиым салыныпты.

Гүлжан Жұмаш