Көсемсөз шебері ұлттық құндылық туралы ой тербеді

444

«Мархабат Байғұт болмысы – жастар алдында!» Бүгін осындай тақырыпта А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада белгілі қаламгер, көсемсөз шебері Мархабат Байғұтпен кездесу кеші өтті.

Тағылымды шараға әсіресе, жас оқырмандар көптеп жиналған. Олар қаламгердің әдеби туындылары мен өмір жолы туралы сыр-сұхбат жүргізіп, ұлттық болмысқа, тәлім-тәрбиеге негізделген келелі ойларын тыңдады.

Сондай-ақ, кеш барысында жастар қаламгердің студенттік кезде жазған хаттар желісі бойынша театрландырылған көрініс қойды. Кездесу соңы күмбірлеген күй, әуелеген әнмен жалғасты. Айта өтейік, оңтүстіктің жауһары Мархабат Байғұттың бүгінде 20 кітап жинағы бар.

Айя Мүтәлі