Мемлекеттік қызмет саласы бойынша енгізілген жаңалықтар жөнінде толығрақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев 2019 жылдың 4 ақпанда өткізген брифинг барысында айтып өтті.
Баспасөз жиынында Ғ.Тұрсынбаев «Б»корпусы лауазымына үміткер тұлғалар үшін жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуде жауаптардың растық деңгейі 50% кем болмауы тиіс. Егер көрсеткіш нәтижесі төмен болса үміткер жеке қасиеттерін бағалаудың растық деңгейінен өтпеді деп танылады және бір айдан кем емес мерзімнен кейін қайта өтуге мүмкіндік алады.
1 ақпаннан бастап, департамент қызметшілері өңірлердегі тестілеу орталығында тестілеу әкімшісі ретіндегі қызметін тоқтатты. Бұл қызметті «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ның тестілеу операторы атқаратын болады және осы уақыттан бастап «Б» корпусының бос лауазымына үміткерлер конкурс жариялаған мемлекеттік органға заңнаманы білу туралы сертификат пен жеке қасиеттерін бағалау қорытындысын өткізбейді.
Сондай-ақ, «Б» корпусы лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына ең төменгі лауазымдардан бөлек, жоғары лауазымдар үшін де еңбек өтілі қажет етілмейді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардағы бас маман лауазымына жоғары білім болса жеткілікті, ал жетекші маман лауазымына жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім бар тұлғалар үшін орналасу құқығы берілген.
Осы өзгерістердің нәтижесінде лауазымдық санаттар бойынша қойылатын талаптар біршама жеңілдетілген және меритократия қағидаттарын нығайту мүмкіндіктері артқанын айтып брифингті қорытындылады.