Түркістандық полиция департаменті массаж креслосы не үшін сатып алынатындығы туралы түсініктеме берді

301

Түркістан полициясы мемлекеттік сатып алу арқылы массаж креслосын алмақшы болғандығы туралы алдын ала хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшесі Рахым Ошақбаев мәлімдеген-тін.

Осыған орай, Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді: «Ішкі істер органдары қызметкерлерін экстремальды жағдайға психологиялық дайындау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қызметкерлердің психологиялық және эмоционалды жағдайын жақсартуда 2014 жылы полицейлермен психологиялық жұмыс жүргізетін инспектор-психолог штаты енгізілді.
2018 жылдың өзінде Түркістан қаласының полиция басқармасының инспектор-психологынан 472 рет психологиялық көмек сұралған. Бүгінде полиция қызметкерлерін психологиялық дайындаудың мұндай тәжірибесі көптеген әлем елдеріне таралған және белсенді әрекет етуде.

Психолог кабинеті өз кезегінде сапалы әрі толыққанды жұмыс жасап тұруы үшін психологиялық релаксацияға қажетті барлық құрылғылармен, соның ішінде массаждық кресломен жабдықталған. ПБ психологтың ұсынымымен және ҚР заңнамалық нормаларына сәйкес 13.07.2018 жылы психологиялық кабинетіне арналған массаждық креслоны алу үшін нарық бағасымен 750 000 теңге бағасындағы қаражат көлемінде массаж орындығына ұсыным жасалған.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес 04.12.2015 жылы 7 әлеуетті өнім беруші тендерге қатысты. Нәтижесінде жеке кәсіпкер Ж.С.Еркебаева ең төменгі баға бойынша 422 000 теңгенің массаждық креслосын сатып алуға тендерді жеңіп алды».