Үшінші миллионер қаламыз Ұлыстың ұлы күнін тойлауды апта бұрын бастап кеткен болатын. Бүгін киелі Қошқар ата өзенінің бойында «Қошқар ата сейілі» фестивалі өтті. Қазақтың ұлттық дәстүрлерінің барлығы паш етілген мерекеге шымкенттіктердің барлығы да атсалысты.
Көпшілік серуені барысында асық ату, қошқар көтеру, жамбы ату сынды дәстүрлі ойындарымызды тамашалады. Фестивальге қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен ел ағалары, тұрғындар қатысты.
Мерекелік іс-шарада қала әкімі Ғ.Әбдірахымов екі бүлдіршіннің тұсауын кесті. Қалабасы бүлдіршіндердің алғашқы қадамына құтты болсын айтып, игі тілегін жеткізді.