Өлді деп асы берілген азамат құлдықта болыпты

357

Жақындары ас беріп, өлдіге санаған азамат тірі болып шықты. 2 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған Батырхан Шакиров үйіне оралды. Табанынан таусылып іздеген туыстары оның құлдықта болғанын естіп, есеңгіреп қалды. Енді құзырлы органдарға арызданып, екі жыл жақынынан айырғандарды айыптамақ.

48 жастағы Батырхан Шакиров бала күнінен мейірімді, сенгіш болып өскен. Осы бір жұмсақтығы 2 жыл бұрын өзіне оқ болып тиіпті. Үйінен жұмыс іздеп кеткен жігіт ағасын жол бойында қаскөйлер алдап алып кеткен. Осылайша Төлеби ауданындағы Мәдени ауылында құлдықта ұстағанын айтады. Зәбір көрген Шакиров 2 -топтың мүгедегі.

Тумысынан өзгеге қол ұшын созуға кұштар оның ата-анасы да жоқ. 15 жыл бұрын жақындарынан айырылған соң туыстарының үйін паналап келген. Анасындай болдым деген әпкесі інісін табанынан таусылып іздеген. Бірақ жалғыздың үні шықпай соңында жауаптылар тарапынан өлді деген хабар келіпті. Асын өткізіп отырған отбасыға өткен аптада өлген бауырлары оралған.

Айтуларынша 2 жыл бойына азапты өмір кешкен азаматты өзге тағдырласы құтқарып алып шыққан. 22 сағат бойына жаяу жол жүріп келген олардың үрейі де аз болмаған. Бірақ, бостандық үшін таласта барлығының жақсы аяқталғанына қуанышты.

Бірақ, жапа шегуші тірі болып келсе де, заң тұрғысынан әлі әділеттілік таппай отыр. Осыған дейін Әл Фараби аудандық полиция басқармасына шағымданған олардың арызы қабылданбаған.

Бірақ, олқылық өз шешімін тапты. Айта кетейік, мамандар 2 күн ішінде 16 адамды тапқандарын айтады. Әйтсе де олардың ішінде құлдықта болғандардың бар жоғы белгісіз.

Назерке Үкібасова