«Азат» шағынауданында қора өртенді

283

Кеше сағат 15:56-да «Азат» шағынауданында Ынтымақ көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына алғашқы 3 өрт сөндіру техникасы 10 минут ішінде келіп жетті. Көршілес үйдің ауласында қораның төбе жаппасы және ішінде ескі жиһаздар мен жиналған отын жанған.

Тілсіз жау 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру қызметінің 17 адам жеке құрамы мен 3 техника сөндірді. Өрт сағат 16:18-де оқшауланып, сағат 16:30-да толық сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда.