Есірткі «шегіп», көлік айдаған екі адам ұсталды

332

Шымкент полицейлерімен «Допинг» іс-шарасы өткізілді. Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен республика көлемінде 2019 жылдың 11 мен 15 наурыз аралығында «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында 18 жайт анықталды. Атап айтсақ, есірткі заттарын сату бойынша – 2 қылмыс ашылды, қылмыстық теріс қылықтар – 16 жайт анықталды.
Заңсыз айналымнан төмендегідей есірткі заттары мен психотроптық зат

тар тәркіленіп алынды: N-митил-3-4-митилендиоксиамфетамин (МДМА-экстази) психотропты зат – 407,6079 гр; 4-митилметкатинон (PVP) психотропты зат – 98,3593 гр; Меткатинон (Эфедрон) психотропты зат – 72,4937 гр;Марихуна – 1,06 гр; Гашиш – 2,01 гр.

Сонымен бірге, «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жалпы 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен (автокөлікті есірткілік масаң күйде басқару) 2 хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу) 2 хаттама толтырылды.

Жанар Есенбекова