Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы гашиштің ірі партиясын тасымалдаған әйелді құрықтады. Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция жүргізу нәтижесінде оңтүстік өңірлердің бірінен такси жалдап есірткі затын әкеле жатқан қала тұрғынын ұстады.
Автокөліктен 5 келіге жуық есірткі заты тәркіленіп алынды. Ірі партиядағы есірткі айналымына қатысты қылмыс «Допинг» іс — шарасы аясында анықталып отыр.
Әсел Саденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 4 келі 660 грамм құрайтын есірткі заты гашиш болып табылады. Ұсталған азаматша Шымкент қаласы ПД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».
Ернар Балабеков