Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы киімдер, төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды. Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн.теңге жұмсап іске қосып отыр.
Нәтижесінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауда.
Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.